Үлесі болса экс-президент жауапқа тартыла ма?
БАҚ-та «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында экс-президент Назарбаевтың үлесі бар деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат рас па, рас болса үлесі қанша деген сауалдарды журналистер Премьер-министр Әлихан Смайыловқа қойды.
Смайыловтың сөзінше, «АрселорМиттал Теміртау» инвесторға 1996 жылы берілген.
«Ол кезде басқа ахуал болған, басқа басымдықтар болған. Ол кезде экономикамыз құлдырап, көптеген өндірістік байланыс үзіліп, үлкен берешектер болды. Басты мақсат – ірі компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын сақтап, берешектерді өтеу болды. Жалақын төлеу мәселесі де күрделі болып тұрды. Сондықтан кезінде осындай шешім қабылданды. Оның дұрыс-дұрыс емес екенін тарихтың өзі көрсетіп жатыр», - деді ол.
Ал компаниядағы Назарбаевтың үлесіне қатысты былай жауап берді.
«Біз заңды рәсімдерді жүргізу кезінде «АрселорМиттал Теміртаудан» тиісті құжаттарды алдық. Акциялардың 100%-ы «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі. Басқа қосымша иелері жоқ. 100% иесі «АрселорМиттал Теміртаудың» өзі», - деп жауап берді Премьер-министр Әлихан Смайылов.