Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Болат Назарбаев «Алтын Орда» базарының иесі емес – министр Шаққалиев

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Базар басшылары жауапқа тартылуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың Алматыдағы «Алтын Орда» базарының иесі екені туралы ақпарат көп жылдан бері ел арасын кезіп жүр. Сауда және интеграциялар министрі Арман Шаққалиев тілшілермен өткізген брифингте мұның жалған ақпарат екенін айтты.

Журналистер министрден Болат Назарбаевты жауапқа тарту мәселесі қаралып жатқан жоқ па деп сұраған. Өйткені, аталған базардың иелері салық төлеуден жалтарғаны бұған дейін айтылған болатын.

«Біз зерттеген құжаттамаға сәйкес, базардың иесі ол емес, сондықтан мен оның жеке тұлғасы жайында басқа ештеңе айта алмаймын. Базарға Болат Назарбаевтың қатысы бар деп те заң жүзінде айта алмаймыз. Бұл базар бойынша меншік иесі ретінде тіркелген ЖШС бар, олар осы жол картасына қол қойып, міндеттеме алған. Яғни, солардан жауап сұралады. Олар реестрде тіркелген және ресми меншік иесі саналады», - деді министр.

Ол Болат Назарбаев базардың иесі заңды түрде болса, құқықтық алаңда оған тосқауыл жоқ екенін айтты.

«Кез-келген адамды тексеруге болады, егер фактілер болса. Құқықтық тұрғыда, егер Болат Назарбаевтың үлесі болса, онда заң алдында бәрі тең», – деп атап өтті Шаққалиев.

Сізге қызықты болады