Ол Қарабақтағы елдімекендердің жермен-жексен болғанын айтады
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттерінің саммитінде Қарабақ туралы айтты.
«Әлемнің әрбір түпкір-түпкірінде қарулы қақтығыстар және соғыстар болып жатыр. Бұл жерде әр елдің қорғаныс мүмкіндіктері олардың қауіпсіздігінің негізгі кепілі болып есептеледі. Менің ойымша, мүше мемлекеттер қорғаныс қауіпсіздігін сақтау өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастатығын нығайта түсуі керек», - деді Ильхам Әлиев.
Ол Армения мен Әзербайжан арасындағы Қарабақ үшін қақтығыстың ұзаққа созылғанын мысал келтірді.
«Армения Әзербайжанның аумағын 30 жыл бойы окуппациялады. Ол жерде заңсыз қуыршақ режим орнатты. Этникалық тазарту нәтижесінде млн-нан астам әзербайжан өздерінің бабалар елінен қуылды. Армения біздің қалаларымыз бен ауылдарымызды жермен жексен етті. Біздің мәдени, діни ескерткіштерімізді бұзды. Жылдар бойы Әзербайжан қақтығысты бейбіт жолмен шешкісі келді. Дегенмен Армения осы статус квоны сақтап қалғысы келді», - деді Әлиев.