Бұған дейін Тұңғыш президент туралы заң күшін жойып, Назарбаевтан көптеген статус кері қайтарылды
Әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заңда тағы қандай артықшылығы қалғанын айтты.
Үкімет отырысының кулуарында министрге журналистер «Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында (заң бойынша) тағы қандай артықшылықтар қалды?» деген сұрақ қойды.
«Оған (Нұрсұлтан Назарбаевқа) қолсұғылмаушылық, көлік және үймен қамтамасыз ету құқығы сақталады», - деді Азамат Есқараев.
Еске салайық, Қаңтар оқиғасынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш президенті туралы заңның күшін жою үшін референдум өткізіп, Назарбаевтан бүкіл артықшылықтарын кері алдырған еді.