Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Нақтылық жоқ, жалпылама әңгіме айтады»: Еділ Жаңбыршин Үкіметті сынады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Аптасына бір рет Үкімет мүшелері Мәжіліс депутаттарының алдына келеді

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжілістің жалпы отырысында дайындықсыз келетін Үкімет мүшелерін сынады.

«Біздің министрлер мен олардың орынбасарлары дайындықсыз келеді. Біреуі жауапты оқып отыр, баяндама жасап. Екіншісі жалпылама әңгіме айтады. Бұл бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды. Нақты жауап жоқ. Қайта-қайта біз нақтылап отырамыз. Олай болмауы керек қой», - деді Жаңбыршин.

Сізге қызықты болады