Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ҚТЖ басшысы азаматтардың темір жолға жұмысқа кіру үшін пара беретінін жасырмай айтты

Азамат Ахметов
Tengrinews

Алайда, төраға мұны жақсылыққа балап отыр

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшылардың жалақысы аз емес екенін айтты.

«Компанияда 100 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Олардың (жалақысын) 1000 теңгеге көтерсең, әжептәуір ақша шығады. Әр премия өте керек ақша. Соңғы уақытта жалақыны көтеруге 241 млрд теңге жұмсадық. Осы 3 жылдың ішінде теміржолшылардың орташа жалақысы 2 есе көтерілді. Қазіргі олардың жалақысы – шамамен 430 мың теңге. Енді төменгі айлық – шамамен 160 мың теңге. Коррупция мәселесі бары айтылады. 

Қазір адамдар теміржолға жұмысқа кіру үшін ақша төлеп жатыр. Бұл – жақсы көрсеткіш. Біріншіден, бұл біздің (ҚТЖ) жалақымыздың жоғары екенін көрсетеді. Екіншіден, сіз биыл ТОП-3 жұмыс берушінің тізімін көрдіңіз бе? «ҚТЖ» АҚ ТОП-3 жұмыс беруші компанияның тізіміне енді. 

Соңғы 3 жылда теміржолшылардың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге бөлінді»,- деді Сауранбаев.

Еске салайық, Нұрлан Сауранбаев бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған.

Сізге қызықты болады