Автор кітабында Қаңтар оқиғасына қатысты да жазған
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабы сатылымға шықты.
Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.
«Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады», - деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры.
Кітапта Назарбаев өзінің туыстары, олардың сотталуы, Қаңтар оқиғасы туралы, «Елбасы» статусынан айрылып қалуы жайында сөз қозғаған.