БАҚ-қа жарнамада қойылатын талап көп дейді ол
Саясттанушы Марат Шибұтов Алматыда өткен Медиа құрылтай барысында «Жарнама туралы» заң жобасында БАҚ-қа қойылатын талап өте көп екенін айтты.
«Алкоголь, темекі, балаларды емізуге арналған қоспа, оның үстіне қазір Respublika партиясы букмекерлердің жарнамасын шектеуді ұсынды. Яғни жарнаманың 30 пайызы құрдымға кетеді деген сөз. Бұл жерде ақпараттық егемендік туралы айтудың өзі артық. Мысалы, оқсыз әскерді соғысқа ешкім жібермейді. Сол сияқты ақпараттық дербестікті қаржысыз ешкім қорғамайды. Себебі қызметкерлерге жалақы төлемей, фильм, телеөнім және тікелей эфирді сатып алмай бұл істі жүзеге асыру мүүмкін емес», - деді Марат Шибұтов.