Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Назарбаевтың мемлекеттік істерге мүлдем араласпайтынын айтты

Азамат Ахметов
parlam.kz

Назарбаев жуырда ғана Ресейге барып, Владимир Путинмен кездесті

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елімізде қос билік жоқ екенін тағы айтты.  

Кулуарда журналистер «Сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген қоғамда пікір бар. Себебі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы жиынын өткізді, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?» деген сұрақ қойды.  

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов алаңдайтын негіз жоқ екенін айтты.  

«Халықтың және сіздің (журналистке) алаңдауға негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Ол болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр», - деді Қошанов.

Ол экс-президент мемлекеттік іске араласпайтынын айтты.  

«Сіздің сұрағыңызға тоқталайын. Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, жаңағы кездесулері, өткізіп-жатқан іс-шаралары, жол сапарлары оның барлығы жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып жатыр», - деді Ерлан Қошанов.

Сізге қызықты болады