Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Азамат Ахметов

Жаңа Премьер-министр кім болады?

Фото ашық дереккөзден

Президент Үкіметті отставкаға жіберу бойынша қаулыға қол қойды. 

Премьер-министрдің қызметін уақытша Роман Скляр атқарады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулы жарияланды. Оның мәтіні мынадай:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.