Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Жемқор емеспін»: әнші-шенеунік Сәкен Майғазиев қоғам белсендісін сотқа берді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Әнші басқаратын мекеме Наурыз мерекесіне орай жарты миллиард теңгеге түрлі іс-шара өткізген болатын

Шымкенттегі Мәдениет үйінің директоры, әнші Сәкен Майғазиев өзін жемқор деп айыптаған қоғам белсендісі Аружан Дүйсебаеваны сотқа берді. Бұл туралы Аружанның жақтасы Жанболат Мамай өзінің Facebook-парақшасында жазған.

Qazaqtimes порталының жазуынша, Майғазиев Шымкенттегі Қаратау аудандық сотына 30 маусымда жүгінген. Сот оның шағымын 8 шілдеде өндіріске алған. Судья М.Әмірбеков шығарған қаулыға қарағанда, әнші белсендінің үстінен Қылмыстық кодекстің 131-бабы («Қорлау») бойынша шағым түсірген. Демек Майғазиев Дүйсебаеваны «көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып абыройым мен қадiр-қасиетiмді әдепсiз түрде кемсiтті» деп айыптап отыр.

Әнші-шенеуніктің сотқа жүгінуіне Аружан Дүйсебаеваның YouTube видеопорталында жариялаған екі видеосы себеп болған. Белсенді қыз аталған роликтерде Сәкен Майғазиевтіі Наурыз мерекесінде жарты миллиард теңге жұмсағанын сынға алып, оны жемқор деп айыптайды.

Еске салайық, үш жарым ай бұрын мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми деректерді негізге алған журналистер мен белсенділер әнші Сәкен Майғазиев басқаратын Шымкент қалалық мәдениет үйінің Наурызға арналған іс-шараларға 595 млн теңге қаржы бөлгенін анықтаған. Сол кезде бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырған еді.

Сізге қызықты болады