Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталуы мүмкін

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Прокурор Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдының мүлкін тәркілеп, 10 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен қатар, қауіпсіздігі орташа колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», - деді прокурор Жангелді Есебаев.

Ол сондай-ақ Қ. Сатыбалдыұлын қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн - 1,5 күн есебінен есептелуі тиіс екенін айтты.

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдей келе, прокурор ұсынған жаза мерзімімен келісетінін мәлімдеді.

«Мен өз кінәмді мойындаймын, өкінемін және процессуалдық келісімнің барлық тармағымен келісемін», - деді айыпталушы.

Сізге қызықты болады