Қазақстанда вейпке түбегейлі тыйым салынатын болды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Ел Үкіметі вейпке, оның сұйықтығы мен иістендіргіштеріне толықтай тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Нұргүл Тау мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ведомствоаралық комиссия бірауыздан (12 – жақтаған, 2 – қарсы болған) электронды темекіні және оның сұйықтығын сатуға, импорттауға, өндіруге тыйым салуды қолдаған.

Айта кетейік, Мәжілістегі Respublica фракциясының депутаты Нұргүл Тау бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайыловтан вейптерге түбегейлі тыйым салуды сұраған болатын. Депутаттың пікірінше, электронды темекілердің оқушылар арасында сұмдық тез тарауы эпидемиямен бірдей.

Ал, осы кәсіппен айналысатын бизнесмендер болса тыйым вейптің сатылымы мен қолданысын тоқтата алмайтынына сенімді. Бұл бизнес көлеңкелі жолмен бәрібір жүзеге аса беретін болады дейді олар.

Теги: