«Сұрақтарын … тығып қойсын»: Щучье әкімі тікелей эфирді өшіруді ұмытып кетті

Азамат Ахметов

Ақмола облысы Щучье қаласының халқы әкімнің қылығынан шошынып қалды. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан қала басшысы эфир соңында желі қолданушыларына сұрақтарын «бір жеріне» тығып қоюға кеңес берген.

Олжас Нұрмағамбетов Instagram-парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, халық алдында есеп беріпті. Эфир соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беруден бас тартқан. Ол дереу қоштасып, бірақ тікелей эфирді өшіруді ұмытып кетіпті. Кетіп бара жатып, тұрғындарға сұрақтарын «к…іне» тығып қоюға кеңес берген.

Бурабай аудандық әкімдігі болса Нұрмағамбетовтің балағат сөз айтпағанына сенімді. «Әкім халыққа жаман сөз айтқан жоқ» деп ант-су ішіп отыр.

Әкімнің өзі де аузынан ешқандай балағат сөз шықпағанына сенімді. Соған қарамастан қазір оның әрекеті тексеріліп жатыр.