АҚШ-тың Қаржы министрлігі санкциялар тізіміне Ресей, Қазақстан және Словакиядан келген үш компанияны енгізді. Мұндай шешім олардың Солтүстік Кореямен қарым-қатынасына байланысты қабылданып отыр.
Шектеу шаралары ресейлік «Верус» ЖШС (Verus Consulting Group), қазақстандық Defence Ingeneering ЖШС және словакиялық Versor-ға қатысты енгізілді.
Барлық үш фирманың иесі Әзірбайжанның тумасы және Словакия азаматы Ашот Мкртычев болып отыр, ол 2023 жылғы 30 наурыздан бастап АҚШ-тың жеке санкцияларына ұшыраған.
OFAC түсіндірме жазбасында Мкртычев өзінің компаниялары арқылы Ресей өкілдерімен ҚХДР-дан Ресейге қару-жарақ жеткізу туралы 20-дан астам келіссөз жүргізіп, АҚШ-тың Солтүстік Кореяға салған санкцияларын бұзғаны айтылған.
Аталған ұйымдарға қатысты санкциялар АҚШ-тың қаржы жүйесіне қатысты активтерді тоқтатуды, сондай-ақ Америка азаматтарына олармен іс жүргізуге тыйым салуды қамтиды.
Санкцияға ұшыраған заңды тұлғалармен «белгілі бір мәмілелерге» келетіндер де санкцияларға «ұшырауы» мүмкін.