Дархан Қалетаев Украинадағы Қазақстан елшісі қызметінен босатылды

Азамат Ахметов

Бұл қызметте ол 3 жылдан астам еңбек етті

Фото ашық дереккөзден

Қазақсатанның Украинадағы Төтенше және уәкілетті елшісі болған Дархан Қалетаев өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтап, елге оралды. Бұл туралы Креативті индустрияны дамыту жобалық офисінің жетекшісі Данат Жумин жазды.

«Киевке келе сала Қазақстан елшілігіне кірдім. Келсем тура сол күні Дархан Қалетаев өзінің дипломатичялық миссиясын аяқтап, қызметінен кетіп жатыр екен», - деп жазды Жумин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бархан Қалетаев Украинада 2020 жылдың ақпан айынан бері елші қызметін атқарып келді. Оған дейін ол Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Премьер-министр кеңсесінің басшысы болған.