«Яндекс», «Индрайвер» жүргізушілеріне талап күшейеді

Азамат Ахметов

Олар енді елдімекендер арасында да қатынауы керек

Informburo.kz

Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев қала арасында такси қызметін атқаратын жүргізушілерге талапты күшейту керегін айтты.

«Тағы бір бөлек мәселе - заңсыз тасымалдаушылар. Көбіне олар пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз аймақтар арасында жүреді. Олар пайдаланатын автокөліктер қауіпті, ал жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын орындамайды», - деді Қожаев.

Ол осыған байланысты жүргізушілерге күшейетін талаптар жайлы айтты. 

«Осыған байланысты, интернет-агрегаторларды пайдаланатын жеке такси жүргізушілеріне (Индрайвер, Яндекс - авт.) рейс алдындағы медициналық және күнделікті автокөлікті тексеруге, жылына 2 рет техникалық байқау өтуге міндеттеу ұсынылады, сондай-ақ жүргізушінің рульде 8 сағаттан артық болмауын қарастыру керек», - деді ол.