Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Кінәлілер жауапқа тартылады»: Тоқаев Алматыдағы өртке қатысты тапсырма берді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Тілсіз жау 13 адамның өмірін жалмаған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы хостелде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылатынын айтты.

Еске салайық, қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты. Олардың тоғызы – Қазақстан, төртеуі шетел азаматтары. Барлығы да ер балалар.

Сізге қызықты болады