Беларусьте мемлекетке опасыздық жасағандар үшін өлім жазасы енгізілмек

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Беларусь өкілдер палатасы екінші оқылымда Қылмыстық кодекске мемлекеттік сатқындық үшін өлім жазасын енгізуді көздейтін өзгерістер жобасын бекітті, деп хабарлайды qonaev.info Reform.by-ға сілтеме жасап.  

Өлім жазасы «мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамдарға және қылмыстық кодекстің 356-бабында көзделген қылмыс жасаған әскери қызметші мәртебесі бар адамдарға» қолданылуы мүмкін.  

Сонымен қатар, «бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне, қоғамдық қауіпсіздікке, қозғалыс қауіпсіздігіне, халық пен мемлекет денсаулығына қарсы қылмыстар жасағаны үшін» айыппұл ұлғайтылды.