БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптап, ол әрекетті әлемнің ұжымдық ар-ожданын қорлау деп атады. Қарарға 141 ел дауыс берді, жетеуі қарсы болды, тағы 32-і қалыс қалды, деп хабарлайды Qonaev.info агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Қарарда БҰҰ:
БҰҰ сонымен қатар Украина аумағында жасалған қылмыстар үшін кінәлілерді тиісті, әділ және тәуелсіз тергеу жүргізу және ұлттық немесе халықаралық деңгейде қудалау арқылы жауапқа тарту қажеттілігін мәлімдейді.
«Бұл – БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықты бұзу», - деді Антонио Гутерриш Бас ассамблея отырысында.
Оның айтуынша, қақтығыстың күшеюі айқын және нақты қауіп төндіреді, ал соғыс «аймақтық тұрақсыздықты, жаһандық шиеленістер мен келіспеушіліктерді туғызады, назар мен ресурстарды басқа дағдарыстардан және өзекті жаһандық мәселелерден алшақтатады».
«Жайбарақат болу дағдарысты одан әрі күшейтеді және Жарғыда жарияланған жалпы ұстанымдарды одан әрі бұзады. Соғыс – шешім емес. Соғыс – бұл проблема. Украинадағы адамдар қатты зардап шегеді. Украиндар, орыстар және Украинадан тыс адамдар бейбітшілікке мұқтаж», - деді ол.
Айта кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі – Ресейде ресми түрде арнайы әскери операция деп аталатын шапқыншылық аясында Украинаға 200 мыңға жуық сарбаз жіберді.