Түркияның Измир қаласындағы кофеханада атыс болып, бес адам қаза тапты.
Hürriyet басылымының хабарлауынша, атыс кезінде сондай-ақ тағы екі адам жарақат алған.
«Измирдің Мендерес ауданындағы кофеханада екі топ арасындағы төбелес соңы атысқа ұласты. Алдын ала мәлімет бойынша аталған ауданда үрей туғызған қарулы қақтығыс салдарынан бес адам қаза тауып, екі адам жараланды», - деп жазады басылым.
Қарызға бола бір-бірімен жанжалдасқан екі топтың дәмханаға жиналып сөйлескені айтылады.
«Тараптар арасындағы дау соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Оқиға орнына көптеген полиция мен медициналық топ жіберілді. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады», - делінген хабарламада.