Полицияның әрекетсіздігінен шаршаған әйелдер зорлық жасаған еркектің үйін өртеп жіберді

Азамат Ахметов

Үндістанда зорлық жасаған еркектің жазасыз жүргеніне ашуланған бір топ әйел оның үйін өртеп жіберді деп хабарлайды Reuters.

Ашынған әйелдер мамыр айынан бері полиция мен соттан әділ жаза күткен екен. Алайда, қарақшылық жасап, екі бойжеткенді зорлаған күдікті сотталу былай тұрсын, бүгінге дейін ел арасында түк болмағандай өз шаруасымен айнеалысып жүрген. 

Оқиға Үндістанның Манипур штатында болды. Бір топ әйел күдіктінің үйіне келіп, ғимаратты толықтай өртеп жіберген. Ер адамның өзі бұл уақытта қайда болғаны айтылмайды.

Күдікті адам биыл мамыр айында қарулы топ жинап, шағын елдімекендегі бірнеше үйді өртеп жіберген және куки тайпасының адамдарын соққыға жығыпты. Бұл ісін аяқтаған соң 19 және 21 жастағы екі бойжеткенді шешіндіріп, топ болып зорлаған.