«Айқайын ешкім естімеген»: пошташы әйел лифттен шыға алмай қайтыс болды

Азамат Ахметов

Ташкентте пошташы әйел лифттен шыға алмай қайтыс болды деп хабарлайды UzAlert іздеу тобының өкілдері.

Әйелдің жоғалып кеткені туралы арыз 24 шілдеде түскен. Құтқарушылар оны бір айдан астам уақыт іздеп, кеше мәйітін тапты. Бірнеше сағаттан кейін оның неден қайтыс болғаны да анықталды.

Белгілі болғандай, марқұм жаңа аяқталған үйдің лифтіне мінген. Лифт ғимараттың соңғы қабатына көтеріліп, істен шыққан. Әйел ұзақ айқайлап көмекке шақырғанымен, оның дауысын ешкім естімепті, өйткені аталған үйге адамдар толық көшіп келмеген.

Өзбекстанның бас прокуратурасы қазір аталған дайт бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.