Ресейдің Челябі облысында жоғалып кеткен бойжеткен қыз 14 жылдан кейін тірі табылды. Осы уақыт аралығында маньяк қызды тұрақты түрде зорлап келген. Егер қарсылық көрсетсе өлтіремін деп қорқытқан.
Зәбір көрген қыз тек биыл шілде айының соңында құлдықтан қашып шыққан. Ол 19 жасында өзін ұрлаған ер адаммен темір жол вокзалында танысқан. Өзін Владимир деп таныстырған ол қызды Смолино деревнясындағы үйіне алып барып, қорқытып қамап тастаған.
Маньяк қызды пышақпен қорқытқан, үнін шығарса бауыздап тастауға уәде берген. Бөлменің терезелерін бүркемелеп, есікті құлыппен жауып жүрген.
Ер адам бойжеткенді жиі зорлап, ойына келгенін істеген. Екеуінен басқа бұл үйде Владимирдің анасы да тұрған. Ол ұлының қлмыс жасауына еш кедергі келтірмепті.
Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, күдікті 2011 жылы тағы әйелді құлдыққа алып, оны дереу өлтіріп, денесін үйінің ұрасына көміп тастапты.