Меккеде алапат дауыл тұрып, қала су астында қалды

Азамат Ахметов

Сауд Арабиясының батысында қатты дауыл тұрып, мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласында дүрбелең туды.

Қасиетті қалада дауылмен бірге жаңбыр жауып, көліктер суға батты.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан адамдардың желдің екпініне төтеп бере алмай, тайып құлап жатқандарын көруге болады.

Сондай-ақ, қатты жауған жауын салдарынан көптеген ғимараттарды су басқан. Құрылыс материалдары мен өзге де заттар көшеде ұшып жүргенін байқауға болады.