Тәжікстанда лай көшкіні жүріп, 17 адам мерт болды

Азамат Ахметов

Осы тектес табиғи апат бұл аймақта жиі қайталанады

Fergana News

Тәжікстанда толассыз жауған жауын салдарынан сел жүріп, соңы лай көшкініне ұласқан. Сондай-ақ, таудан тас көшкен. Салдарынан 17 адам мерт болды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Қазіргі таңда төтенше жағдай қызметінің мамандары жолдар мен үй аулаларын лайдан тазартып жатыр. Табиғи апат салдарынан ауылшаруашылық алқаптарға айтарлықтай зиян келген. Сонымен қатар, су жүйесі де бұзылған.

Жергілікті билік келген шығынды есептеп жатыр. Әзірге лай астынан 17 адамның денесі табылды.

Теги: