Ресейлік қазақ ДНР-ге барып, Ресей әскерилеріне қолдау ретінде концерт ұйымдастырған
Ресейлік комик, актер Азамат Мұсағалиев соғыс болып жатқан ДНР-ге барып концерт қойғаннан кейін «бітімгерлер» базасына енгізілді. Яғни, ол енді Украинаның тәуелсіздігіне қастандық жасағандармен бір тізімде.
Есте болса, өткен аптада Азамат Мұсағалиев пен оның өнердегі серігі Денис Дорохов ДНР-дің Горловск ауданына барып, орыс сарбаздары алдында концерт қойған болатын. Артынша журналистерге сұхбат беріп, Ресейдің Украинаны басып алу соғысын қолдайтынын да жасырмай айтқан. Бұл өз кезегінде қоғамда резонанс тудырды.
Дорохов «Бітімгерлер» тізімінде 2019 жылдан бері тұр. Азамат Мұсағалиев биыл 9 қыркүйекте енгізілді. Оған «Орыс нацизмі мен фашизмін насихаттау», «Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қастандық жасауға оқталу», «Орыс-фашистік басқыншылар мен террористердің көмекшісі» деген сынды айыптар тағылыпты.