Ұшақтағы дәрігерлер оған көмектесе алмады
Turkish Airlines әуе компаниясының Қазан қаласынан Анталияға ұшып шыққан TK 3995 рейсінің бортындағы жасөспірім қыздың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Tengritravel.
Туристік агенттіктің мәліметінше, 17 жастағы ресейлік жасөспірім қыздың кенеттен талмасы ұстап, жүрегі тоқтап қалған.
Аталған рейспен ұшқан екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алғызғанымен, оны құтқарып қала алмады. Осы оқиғаға орай әуе компаниясының ұшағы шұғыл бағытын өзгертіп, Оралға қонған.
Туристердің айтуынша, олар қажетті құжаттар толтырылғанша екі сағат күткен.
«Боинг-737» ұшағы Оралдан сағат 16:30-да ұшып шығып, 20:05-те жанармай құю үшін Трабзонға қонған. Жолаушылар ұшақ экипажының ауысуын 2,5 сағат күткен. Кесте бойынша ұшақ демалыс орнына 17:20-да қонуы тиіс болған, бірақ туристер 00:20-да жеткен.