Кем дегенде 45 адам зардап шекті
Сомалидің Беледуэйн қаласындағы бақылау-өткізу бекетіне жасалған лаңкестік әрекеттен 21 адам қаза тапты.
Бұл туралы Сомали полициясының өкілі Ахмед Яре Адан мәлімдеген.
«Ғимарат қирандыларының астынан тағы мәйіттер табылғаннан кейін жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 13-тен 21-ге дейін өсті», - деді полиция қызметкері.
Сонымен қатар, кем дегенде 45 адам зардап шекті. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте Беледуэйн қаласындағы бақылау-өткізу бекетінде жарылыс болды. Жанкешті жарылғыш зат толтырылған жүк көлігін басқарған. Оқиға салдарынан ондаған адам үйілген кірпіш пен бетон астында қалып қойды.