Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

АҚШ-тың Льюистон қаласында болған атыстан 22 адам қаза тапты

Азамат Ахметов

Қаруланған ер адам әлі ұсталған жоқ

Американың Мэн штатындағы Льюистон қаласында болған атыс құрбандарының саны 22-ге жетті.

Қылмыскер үш жерде – мейрамханада, дүкенде және ойын-сауық орталығында оқ жаудырған.

Бұған дейін БАҚ беттерінде 16 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. ABC арнасының хабарлауынша, күдікті әлі бостандықта жүр. 

«Қалада өте қауіпті болып тұр. Құқық қорғау органдары тұрғындардан есікті іштен құлыптап, үйде отыруды сұрайды және екі жерде тергеу жүріп жатыр», - делінген жергілікті полицияның Facebook-тегі мәлімдемесінде.

Өз кезегінде NBC телекомпаниясы зардап шеккендер саны 60 адамға жетуі мүмкін деп хабарлайды. Оның айтуынша, бұл оқиғада қаза тапқандар саны жыл сайынғы кісі өлтіру құрбандарының барлық штат бойынша орташа көрсеткішіне тең болып отыр: өткен жылы Мэн штатында 29 адам және 2020 жылы 20 адам қаза тапқан.

Теги:
Сізге қызықты болады