Қайтыс болғандар саны әлі өсуі мүмкін
Қытайдың Ганьсу провинциясындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 111-ге жетті.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, 111 адамның өмірін қиған 6,2 балдық жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде болған.
«Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының (CENC) мәліметінше, жер сілкінісі дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 23:59-да болған. Гипоцентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы Джишишан округінің әкімшілік орталығынан 8 шақырымдай жердегі Люгу ауылында орналасқан. Куәгерлердің хабарлауынша, жер сілкінісі үйлерді, жолдар мен басқа да инфрақұрылымдарды зақымдаған. Бірнеше елдімекенде электр қуаты мен су өшіп қалған», - делінген хабарламада.
Жергілікті синоптиктердің мәліметінше, сейсенбі күні Джишишанда күндізгі ауа температурасы минус 15 градусқа жетеді.
Облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін апат аймағына 580 құтқарушы, 88 өрт сөндіру машинасы, 12 іздеу иті, 10 мыңнан астам техника жинағы жөнелтілді.