Прагада студент жігіт 15 адамды атып өлтірді

Азамат Ахметов

Билік бұл «оқиғаның» халықаралық терроризмге қатысы жоқ деп санайды

RTVI

Прага орталығында атыс болып, кем дегенде 15 адам қаза тапты. Оқ жаудырған адам – университет студенті болып шықты. 

Чехияның құтқару қызметі Прага қаласының орталығындағы атыс салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы ондаған адам жараланғанын хабарлайды. 

Қарулы адам сағат 16.00 шамасында тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапты. Чехия полициясының басшысы Мартин Вондрашектің сөзінше, күдікті 20 жастағы студент және оның бірнеше қаруы болған, бұған дейін полиция ол туралы ештеңе білмеген. Билік бұл «оқиғаның» халықаралық терроризмге қатысы жоқ деп санайды. 

Шабуыл жасаған адам жақында болған бірнеше атыстардан, соның ішінде 7 желтоқсанда Брянскте (Ресей) болған оқиғаға қызыққан болуы мүмкін деп есептеледі. Ол кезде 14 жастағы қыз екі сыныптасын өлтірген болатын. Бұл туралы Чехия полициясының басшысы баспасөз мәслихатында айтты.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, атыс Ян Палах алаңындағы Чарльз университетінің философия факультетінде болған. Бастапқыда сол алаңда орналасқан мектепте оқ атылды деген хабарламалар тарады. 

Прагадағы құтқару қызметінің өкілі Яна Пестова 30 адамның жарақат алғанын айтты.