Денсаулық сақтау министрлігі пиар үшін 21,4 млн теңге төлемек

Азамат Ахметов
Inbusiness.kz

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жазбалар үшін 21,4 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Әлеуметтік желідегі жазбалар танымал блогерлердің парақшасында жариялануы тиіс. Бұл туралы Protenge телеграм-каналында жазылды.

Блогерлер кемі 8 жазбадан жазуы керек. Тақырыпты тапсырыс беруші, яғни Денсаулық сақтау министрлігі бекітіп отырады.

Қомақты қаражат кез келген блогерге берілмейді. Министрлік ең мықтыларын іріктеп алмақшы.