«Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласы прокуратурасы 2019-2021 жылдарға арналған бюджет қаражатының қалай жұмсалғанын тексерді.
«Тексеріс барысында «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды басшыларының 637 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғанын анықтады», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп алу немесе иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс облыстың арнайы прокурорларының өндірісіне өткізілді», - делінген прокуратура хабарламасында.