Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Оралда 20 жастағы бойжеткен жол апатынан көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Оралда 20 жастағы бойжеткен жол апатынан көз жұмды. Жол апаты бүгін таңғы 05.05 шамасында Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болған.

«Пост» аялдамасы тұсында 20 жастағы жүргізуші Toyota автокөлікгінің руліне ие бола алмай, жарнама қалқаны бағанына соғылған. Көлікте жүргізушіден басқа 2002 жылғы қыз болған. Екеуі де ауруханаға жеткізілген, алайда біреуі есін жимастан қайтыс болды.

Қазір бұл факті бойынша ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сізге қызықты болады