Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, 6-уы қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланып, 6 адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

 «Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде тағы екі зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар белгісіз заттан уланған.

Сізге қызықты болады