Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкентте бойжеткен өзіне қол жұмсап көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 22 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсап көз жұмды. Оның мәйіті құрбысымен бірге жалға алған пәтерінен табылды, деп хабарлайды Qonaev.info тілшісі «Отырарға» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға қаладағы 18-аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілерінің айтуынша, ол пәтерге бойжеткен құрбысымен бірге он күн бұрын көшіп келген. Екеуі де жұмыс істеп жүрген, пәтерге тек кешке ғана келген. Үй иесі де қыздарға еш шағым түспегенін айтады.

Қыздың асылып қалғаны туралы полицияға көршілері хабарлаған. Қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, жедел жәрдем келгенше ол жан тапсырған.

«Мәйітті визуалды тексеру кезінде мамандар дене жарақатын таппады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша Еңбекші аудандық полиция бөлімінің СДБТ-ніе тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Шымкент қалалық ПД өкілдері.

Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз жүкті болған. Алайда басылым бұл нұсқаның ресми нақтыланбағанын жазады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай мен себептерді полиция анықтайды.

Сізге қызықты болады