Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 қазандағы сот қаулысымен тергеу органдарының Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 11 айға, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзарту туралы санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, «Дикий Арманды» арнайы қызмет 2022 жылдың басында қаңтар оқиғасынан кейін ұстаған болатын. Қазір ол қамауда отыр. Оған заңсыз қару сақтады және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды.

Сізге қызықты болады