«Өскемен – Алматы-2» бағытындағы пойыз жолаушыларды терезесі жоқ вагонмен тасымалдаған

Азамат Ахметов

Өскеменнен Алматыға қатынайтын пойыз вагондарының бірінде терез болмаған. Үңірейген тесікті пойыз қызметкерлері пердемен жауып, сыртын скотчпен жабыстырып тастапты. Осындай күйдегі вагонның фотосын әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

Десе де, «ҚТЖ-ның» еншілес компаниясы саналатын «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон терезесі жолда сынып қалған дегенді айтып отыр. Белгісіз біреулер Үштөбе станциясына келгенде терезені қасақана сындырған көрінеді. Жолаушыларға қолайсыздық тумау үшін вагон қызметкерлері осындай шара қолданыпты.

Қазіргі таңда бұл пойыз Алматыға аман-есен жетіп, вагонның терезесін алмастыру үшін депоға жіберіліпті.

Теги: