«Теріс бағытқа кетіп барамыз»: Димаштың анасы дін жайлы айтты

Азамат Ахметов

Әнші Светлана Айтпаева ұлттық құндылық жайында сөз етіп, еліміздегі діни көзқарасқа алаңдайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, қазір діни көзқарасқа байланысты ұлттық құндылықтарымыздан теріс бағытқа қарай кетіп бара жатқан тұстарымыз көп. Салт-дәстүрімізден ажырап, өзге ұлттардың таныс емес дүниелерін дұрыс көріп, соған бағытталып кетіп бара жатқан діни көзқарасымыз белең алып бара жатыр. Бұл өте күрделі жағдай. Ұлттық салт-дәстүрімізден, сана-сезімімізден, ата-бабамыз қалыптастырып кеткен үлкен жолдан шығып бара жатқандай қауіп болайын деп тұр»,- деді Димаштың анасы.

Акта кетейік, соңғы бірер жылда еліміздегі әншілер мен блогерлер жаппай дінге бет бұра бастаған. Әсіресе қыз-келіншектердің хиджабқа орануы жиілеп кетті. Бұл жайында қоғам белсенділері мәселе көтергенімен, билік тарапынан ешқандай пікір жоқ.