Ақтөбе облысында әкесінің жалақысын құмар ойында ұтылып қалған жігіт асылып өлді

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Ақтөбе облысында әкесінің жалақысын букмекерлік кеңседе бәске тігіп, жеңіліп қалған жігіт суицид жасап көз жұмды деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің ақпараттық сайты.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 23 жастағы жігіттің суицид жасағаны туралы хабар келіп түскен. Анықталғандай, ол әкесінің жалақысын алып, құмар ойынға тігіп жіберген екен. Ұтылып қалғаннан кейін шарасыздықтан осындай қадамға барған.

Ойынқұмар жігіт жарт жылда 1,2 миллион теңге жеңілген. Ол алдымен ойын автоматтарынан бастап, кейін букмекерлік сайттарда спорттық додаларға бәс тіге бастаған.