Оларға қатысты сот шешім шығарды
Оқиға 2022 жылы болған. Бала күтуші мен онымен бірге тұратын көңілдесі кішкентай балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, салдарынан сәби көз жұмды деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Осы іс бойынша қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
«Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды.Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады қалалық прокуратура.