Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мүфтият дәстүрлі ұстанымға келгенде тайсақтайды – депутат

Азамат Ахметов
Sputnik

Депутаттар елде салафизм ұстанушыларының көбейіп жатқанын айтып дабыл қақты

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі, ақын Аманжол Әлтай Діни басқарманың ұстанымын сынады.

«Біздің діни басқармада тайсақтық көп. Көп мәселеге келгенде мүфтиден бастап имамдарымыз нақты өзінің айқын ойын айтудан тайсақтайтын тұстары бар. Сол кезде қоғам дүдамал сұрақтарға тап болады. Сондықтан осындай мәселелерге келген кезде біздің Діни басқарма белсенді рөл атқаруы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі исламның құндылықтарын, жат ағымдарға бой бермейтіндей мәдениметтің негізінде дін қызметкерлері дұрыс жұмыс істеуі керек. Мешіттердегі уағыздарынан бастап, күнделікті қоғамда белсенді болуы керек деп ойлаймын», - деді А.Әлтай.

Ол өзінің депутаттық сауалында жат ағымдарға қатысты заңды қатайту керегін айтқан болатын.

Сізге қызықты болады