Жетісу облысында ауыл әкімі көлігімен оқушыны қағып өлтірді

Азамат Ахметов

Полиция оны қамаған жоқ

отбасылық архивтен

Ескелді ауданына қарасты Биғаш ауылында әкім 9-сынып оқушысы Асыл Тұрсынбайды қағып кетті. Ұл бала оқиға орнында көз жұмған деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінде.

Белгілі болғандай, көлік тізгінінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова болған. Полиция оқиға орнына келіп, хаттама толтырумен ғана шектелген. Яғни, адам өлтірген әйелді қамауға алмаған.

«12 жастағы баланы 2 қараша күні Hyundai Creta автокөлігі қағып кетті. Көлік тізгінінде 39 жастағы әйел болған. Жол көлік оқиғасынан кейін тиісті сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Марқұмның жаназасы өткен аптаның сенбісінде өтті.