Қуандық Бишімбаевтың ұсталған сәтте түсірілген фотосы желіде пайда болды

Азамат Ахметов

Марқұмның аяғы ауыр болған деген мәлімет бар

Фото ашық дереккөзден

Бұрынғы Экономика министрі, жемқорлық үшін сотталып түрмеге жатып шыққан Қуандық Бишімбаевтың кеше ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Ол мейрамханада әйелін өлімші етіп сабаған. Жедел жәрдем келгенше келіншек көз жұмды.

Экс-министр сол жерде ұсталды. Әлеуметтік желіде осы сәтте түсірілген болуы мүмкін фотосурет тарап кетті. Онда Бишімбаевтың полицейлердің жанында тұрған бейнесі анық көрінеді.

Полиция департаменті аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бостандығынан айрылуы мүмкін.