Танымал букмекерлік кеңсенің тағы бір өкілі Қазақстанға экстрадицияланды

Азамат Ахметов

Олар мемлекетке 86 млрд теңге шығын келтірген

Көрнекі фотосурет: Боец шоп

Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген қылмыстық топтың мүшесін Сербия Республикасынан экстрадициялады.

Бас прокуратура мәліметінше, олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

«Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы «Ұстап беру туралы» шарттың болуына байланысты мүмкін болды.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заң бұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Еске чалайық, биылғы 18 қарашада «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.