Ол Шымкентте ұсталды
Қызылорда облысының тумасы Түркістанда жалдамалы пәтерде өз балаларын өлтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады.
«Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды», - деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті әйел Шымкент қаласынан ұсталды. Істі Түркістан облыстық полиция департаменті тергеуде.
Еске салсақ, Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылған. Сондай-ақ балалардың анасының мектепте мұғаліп болып жұмыс істегені белгілі болды.