Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімде командир сарбаздарды оңдырмай ұрған

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды орындық және таяқпен ұрған ақтаулық командирге қатысты оқиғаға пікір білдірді,  деп хабарлайды Qonaev.info.

Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына  байланысты іс тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға жат қатынастарды анықтап, олардың жолын кесу мәселелері Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтеміз. Олардың көріністерінің барлық нысандары бойынша құқықтық және тәртіптік шаралар қолданылады»,- делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, 2023 жылғы тамыз айында Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты билікті асыра пайдалану оқиғасы орын алған болатын.