Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өз қатарласы зорлаған

Азамат Ахметов
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өз қатарласы зорлаған, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды.

Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.