Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Доллар бағамы күн санап арзандап жатыр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 7 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Qonaev.info.

Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы тағы бір теңгеге арзандап, 457,7 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 458,69 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,49 теңге болды.

Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 457,5 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 457,7 (АҚШ доллары);
  • EUR / KZT – 492,81 (еуро);
  • RUB / KZT – 6,49 (ресейлік рубль);
  • TRY / KZT – 24,32 (түрік лирасы);
  • CNY / KZT – 67,49 (қытай юані);
  • KGS / KZT – 5,31 (қырғыз сомы);
  • UZS / KZT – 4,05 (өзбек сомы).
Сізге қызықты болады